Globbing Globbing LLC
Open
Loading

Жалпы шарттар1

1-тарау. ЖАЛПЫ ШАРТТАР

1. Төмендегі шарттар мен қағидалар Глоббинг компаниясының (әрі қарай – Компания, Біз, Глоббинг) веб-сайтында (әрі қарай – Сайт) қарастырылған қызметтерді ұсыну кезінде Тараптардың арасында туындайтын құқықтық қатынастарды анықтайды және реттейді. Компания өз серіктестерінің көмегімен Америкада да, басқа елдерде де қызмет көрсетеді.

2. Компанияның Сайтына кіру, Сайттың кез келген қызметтерін пайдалану немесе Пайдаланушы (әрі қарай – Пайдаланушы, Сіз, Сізге, Сіздің, Клиент) ретінде өзіңіз туралы толық немесе ішінара кез келген мәліметтерді, сондай-ақ қызмет көрсету үшін қажетті өзге ақпаратты жүктеп алу арқылы сіз Сайтты пайдалану шарттарын, сондай-ақ Сайтта орналастырылған қызмет көрсету шарттарын, сондай-ақ жария агенттік шарттың ережелерін (әрі қарай Талаптар немесе Шарт) толығымен оқып шыққаныңызды, танысып шыққаныңызды және олармен келісетініңізді, сондай-ақ клиент, тіркелген пайдаланушы немесе Сайтқа кіруші болып табылатыныңызға қарамастан оларды сөзсіз қабылдайтыныңызды растайсыз.

3. Компания Шартта көзделген шарттарды кез келген сәтте алдын ала ескертусіз біржақты тәртіпте өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Шарттар өзгерген жағдайда Компания соңғы енгізілген өзгерістер күнін көрсете отырып жаңа шарттарды Сайтта орналастырады. Сонымен қатар, Компания Сайттың Пайдаланушыларына енгізіліп жатқан немесе енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті емес, бұл – Пайдаланушының міндеті болып табылады, сондықтан ол сайтқа өз бетінше кіріп, өзгерістер мен Шарттардың өзектілігін тексеруге міндеттенеді. Жаңа шарттар заңды күшке ие болады және Сайтта орналастырылған күннен бастап Тараптардың міндеттемелеріне қолданылады.

4. Аталған Шарттармен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Сайтты пайдаланудан бас тартуға құқылы болады. Сайтта болу, шот ашу, Пайдаланушы ретінде тіркелу және Компанияның қызметтерін пайдалану – сіздің келісіміңіз (Құптауыңыз) және осы Шарттарды сөзсіз қабылдайтыныңызды растау болып табылады.

 

2-тарау. КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫН ЖАСАУ.

5. Сайттағы бүкіл жарнама мен деректер және көрсетілген жалпы шарттар мен өзге ұсыныстар оферта жасауға шақыру болып табылады.

6. Шарт әрбір сәлемдеме бойынша жеке жасалады.

7. Шарттың талаптары Жалпы шарттарда белгіленген талаптар және kz.Глоббинг.com сілтемесі бойынша орналасқан, сайтта көрсетілген барлық талаптар болып табылады.

8. Оферент – трекинг нөмірін көрсете отырып kz.Глоббинг.com/ru/sale-order/ сілтемесі бойынша өтінімді толтыру және жіберу арқылы Оферта жіберген Пайдаланушы. Жіберілген өтінім оферта болып табылады. Егер Клиент оферта жібермесе, бірақ оның сәлемдемесі біздің серіктестеріміздің халықаралық қоймасына келсе, онда бұл жағдайда Клиент 2 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттенеді. Сонымен қатар, егер Клиент біздің серіктестеріміздің халықаралық қойманың мекен-жайына сәлемдеме жіберген болса және бұл сәлемдеме тиісті құжаттамамен көрсетілген мекен-жайға жеткізілсе, онда бұл оферта болып саналады.

9. Офертаны алғаннан кейін Глоббинг оның өтініші қабылданғаны туралы хат жібереді, бірақ бұл хат акцепт болып табылмайды.

10. Акцепт – Клиенттің сәлемдемесі халықаралық қоймада тұрғанын және жақын арада жөнелтуге дайын болатынын растайтын, жіберілген хат.

10-1. Глоббинг серіктестеріміздің халықаралық қоймаларында жеткізілген және қабылданған сәлемдемелерді тасымалдауға ғана жауапты болып табылады.

10-2. Сайтта және жалпы шарттарда көрсетілген сәлемдемелерді жеткізу мерзімдері болжамды болып табылады және нақты жеткізу мерзімдерінен өзгеше болуы мүмкін.

11. Шарт – Глоббинг жіберген акцептті Клиент алған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

12. Шарттың нөмірі – Parcel ID болып табылады.

13. Көлік экспедициясы шартының жасалуына қарамастан, веб-сайтта болу, шот ашу, Пайдаланушы ретінде тіркелу және Компанияның қызметтерін пайдалану – Көлік экспедициясымен байланысы жоқ және веб-сайт пен Жалпы шарттарда көрсетілген барлық өзге шарттармен Клиенттің келісетінін білдіреді.

 

3-тарау. ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЮ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК.

14. Шарттармен келісе отырып, сіз өз еліңіздің заңдарына сәйкес Қызметтерді пайдалануға толық қабілетті және құқылы екеніңізді растайсыз. Егер сіздің еліңіздің заңдарына сәйкес сіздің әрекет ету қабілетіңіз шектеулі болса және қызметтерді өз бетінше пайдалана алмасаңыз, Компанияның қызметтерін пайдалану үшін ата-анаңыздың немесе басқа құзыретті тұлғалардың келісімін алуыңыз қажет. Егер сіз заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін болсаңыз, онда заңды тұлға берген өкілеттіктеріңізді растайтын құжаттардың бар екенін растауға, сондай-ақ қызметтерді заңды тұлға тіркелген елдің заңдарына сәйкес пайдалануға міндетті боласыз. Осы Шарттармен келісе отырып, сіз берген ақпарат пен мәліметтердің түпнұсқалығын растау үшін тексере алмайтынымызды назарға алыңыз, сондықтан сіз осы тармақтың талаптарын кез келген жолмен бұзған жағдайда толық жауапкершілікті көтересіз.

15. Шетелдік жеке тұлғалардың Глоббинг қызметтерін пайдалану құқығы: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, шетелдік жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратынын құжатпен растаған жағдайда ғана жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты декларант ретінде әрекет ете алады.

16. Шетелдік жеке тұлға кедендік ресімдеу үшін ұсынуға міндетті болатын құжаттар тізбесі:

1. Тұруға ықтиярхат

2. Босқынның жеке куәлігі

3. Шетел азаматын уақытша тіркеу туралы куәлік

4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі

5. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері берген виза.

Бұл құжаттар болмаған жағдайда, Глоббинг қызметтерді көрсетуден және тауарларды кедендік ресімдеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте, жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегінен асып кеткен жағдайда, шетелдік жеке тұлға Глоббинг компаниясына Қазақстан Республикасы аумағында берілген жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ұсынуға міндеттенеді.  

 

4-тарау. ГЛОББИНГ ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

17. Глоббинг өз Пайдаланушыларына Клиенттің атынан және оның есебінен онлайн-дүкендер арқылы зат сатып алуды (әрі өарай – Тапсырыс) жүзеге асыруға бағытталған қызметтерді ұсынады және оларды Клиентке жеткізеді (әрі қарай – қызметтер).

18. Компания ұсынатын қызметтердің барлығын пайдалану үшін сіз Сайтта тіркеліп, пайдаланушы ретіндегі жеке шотыңызды (әрі қарай пайдаланушының шот ы немесе шот) ашуыңыз керек. Әрбір пайдаланушының бір шоты ғана болуы мүмкін. Пайдаланушылар басқа Пайдаланушылардың шоттарын пайдалануға, сондай-ақ өз шоттарын басқа тұлғаларға беруге құқылы емес. Шот аша отырып, Пайдаланушы тіркелу үшін қажетті барлық сенімді ақпаратты беруге міндеттенеді. Пайдаланушылар өз деректерін сақтау, шотқа қол жеткізу бойынша өз бетінше жауапты болады және шоттағы әрекеттер/әрекетсіздіктер мен шотбойынша қызмет үшін жеке жауапкершілікті көтеруге міндеттенеді. Пайдаланушы өзінің шотына рұқсатсыз кірудің немесе оны бұзудың орын алғанына сенімді болса немесе осындай ықтималдылық болса, Компанияны дереу хабардар етуге міндетті. Компания мұндай жағдайда барлық мән-жайлар толық анықталғанға дейін Пайдаланушының шотын дереу бұғаттауға құқылы болады. Қандай жағдай болмасын, Компания Пайдаланушының шоты бойынша жасалған басқа тұлғалардың әрекеттері үшін қандай да бір жауапкершілік көтермейді. Жоғарыда аталған әрекеттермен Компанияға немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін толық жауапкершілік шоттың есі болып табылатын Пайдаланушыға жүктеледі.

19. Компания көрсететін қызметтерге келесілер кіреді, бірақ бұнымен шектелмейді: 
1) Тараптар жасасқан агенттік шарт негізінде Пайдаланушының атынан және оның есебінен интернет-дүкендерден тауарлар сатып алу. Пайдаланушының тауарларын дүкеннен Компанияның қоймасына жеткізуді кейіннен ұйымдастыру. 

2) Компания арқылы сатып алынған клиенттің тапсырыстарын тасымалдауды/жеткізуді ұйымдастыру. 
3) Клиенттер өз бетінше сатып алатын тапсырыстарды Компанияның қоймасынан тасымалдауды/жеткізуді ұйымдастыру.

20. Тапсырыс беру кезінде Пайдаланушының осындай затты сатып алу үшін қажетті қаражаты болуы тиіс.

21. Глоббинг Пайдаланушылардың сәлемдемелерін Компания үшін қолайлы түрде жеткізу әдісін өз бетінше таңдауға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға интернет арқылы сатып алумен байланысы жоқ құжаттарды немесе сәлемдемелерді тасымалдау қызметтерін көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Форс-мажор жағдайлары салдарынан сәлемдемелерді жеткізу әдісі өзгерген жағдайда Компания біржақты тәртіппен тарифтерді қайта есептеуді жүзеге асыру құқығын өзіне қалдырады.

22. Пайдаланушының Тапсырысының көлемі/салмағы Компанияның авиатасымалдаушыны ауыстыруына себеп болатын жағдайларда немесе егер Тапсырыс қауіпті жүктерге жатуы мүмкін немесе басқа Тапсырыстарды жөнелтуге кедергі келтіруі мүмкін болса, Компания Тапсырысты жеткізуден бас тартуға немесе нақты Тапсырыс үшін жаңа тариф белгілеуге құқылы болады. Осы тармақта көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, Компания Тапсырысты халықаралық қоймадан сіз көрсеткен мекенжайға жібермес бұрын Пайдаланушыдан жеткізудің немесе көрсетілген Қызметтердің толық құнын төлеуін талап етуге құқылы болады. Компания жеткізу үшін қабылданған сәлемдемелерді әрі қарай тасымалдаудан кез келген уақытта бас тарту құқығын өзіне қалдырады, егер де мұндай сәлемдемелер басқа жөнелтімдерді тасымалдауға қандай да бір жолмен қауіп төндірсе немесе кедергі келтірсе немесе тасымалдау үдерісіне қатысатын қызметкерлерге немесе жабдықтарға қауіп төндірсе және сондай-ақ егер де сәлемдеменің ішіндегісіне заңмен немесе тасымалдау үшін пайдаланылатын үшінші тараптың ережелерімен тыйым салынған болса.

23. Глоббинг тапсырыстардың жалпы көлемі ұлғаятын кезеңде (мереке күндері, дисконттық бағдарламалар немесе іс-шаралар және т.б.) тапсырыстарды жеткізу мерзімдерін өзгертуге, сондай-ақ белгілі қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға құқылы болады және осыған байланысты Пайдаланушы осы тармақпен келіседі және Глоббингке қандай да бір кінәрат-талап қоймайды. 

24. Шотыңыздағы транзакциялар шоттағы сомалардың шығу көзіне немесе Тапсырыстың заңды пайдаланылуына қатысты күмән туатын жағдайларда Глоббинг Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады, соның ішінде Шотыңыздағы қолжетімді сомаға иелік ету мүмкіндігін тоқтатып қоюды, сондай-ақ Тапсырыстарыңызды жеткізу мен аударуды қоса алғанда. Мұндай жағдайларда Қызметтерді тоқтата тұру – сіз шоттағы қаражаттың заңды шығу көзін немесе Тапсырыстың тағайындалуын қамтамасыз еткенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті рәсімдер аяқталғанға дейін жалғасады.

 

5-тарау. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АДРЕСТЕУ ТӘРТІБІ

25. Жеткізу үшін қабылданған сәлемдемелер екі сыныпқа бөлінеді: ішкі және халықаралық.

26. Отандық сәлемдемелермен Қазақстан Республикасы аумағында жеткізуге тыйым салынбаған жүктер тасымалданады.

27. Халықаралық сәлемдемелермен – тыйым салынбаған жүктер тасымалданады/жеткізіледі: кез келген елдің аумағына жеткізу үшін, кез келген елдің аумағынан шығару және межелі елге жеткізу үшін.

28. Егер сәлемдеме тиісті жолмен оралмаған немесе рәсімделмеген болса, Глоббинг оны қабылдаудан бас тартуға құқылы болады.

29. Тауар Клиент үшін және оның атынан сатып алынған жағдайда ғана Глоббинг Клиенттің тауарын дүкеннен қоймаға жеткізуді жүзеге асырады немесе жеткізуді ұйымдастырады. Тауарды дүкенде өз бетінше сатып алған жағдайда, Клиент тауарды дүкеннен Компанияның қоймасына дейін жеткізуді өз бетінше және өз есебінен қамтамасыз етеді.

30. Клиент тауарды дүкеннен Компанияның қоймасына дейін жеткізуді ұйымдастырған жағдайда, курьерлік ұйымның құжаттарында Компанияның деректері, сондай-ақ курьерлік компаниядан тауарды қабылдаған тұлға туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

31. Тауар жоғалған жағдайда, сондай-ақ Компанияның қоймасында болмаған жағдайда, дәлелдеу ауыртпалығын көтеруді, сондай-ақ тауарды іздеуді Клиент өз бетінше жүзеге асырады. Клиент Компанияның тауарды алуы дерегін дәлелдеуге міндетті, бұл ретте ұсынылған құжаттарда келесі ақпарат міндетті түрде болуы тиіс: тауарды жеткізу уақыты, Компанияның мәліметтері, алушы тұлғаның қолы, тауарды курьерлік компаниядан алған тұлғаның аты-жөні.

32.   22-тармақта көрсетілген құжаттар немесе міндетті мәліметтердің бірі болмаған жағдайда, Компания тауардың жоғалғаны үшін қандай да бір жауапкершілік көтермейді.   

33. Сәлемдемелер тасымалдауға оралған күйінде қабылданады. Әйтсе де, тасымалдауға тыйым салынған бұйымдардың болуына жол бермес үшін Компания оралған сәлемдеменің ішіндегісін тексеруге құқылы болады.

34. Сәлемдемені орау – Қызметтерді пайдаланушының айрықша жауапкершілігіне жатады. Компания дұрыс орамаудың немесе сапасыз ораудың нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

35. Глоббинг қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып тапсырысты қайта орау, ажырату және шоғырлау құқығын өзіне қалдырады.

36. Глоббинг жөнелту орнында тауарды қабылдау кезінде де, межелі елге немесе сәлемдемені қабылдау орнына жеткізу кезінде де шыныдан жасалған және/немесе нәзік тауарлардың зақымдануына, бүлінуіне, жойылуына қатысты жауапкершілік көтермейді.

37. Клиент Тапсырыстың салмағы жеткізу және қабылдау орындарында әртүрлі болуы мүмкін екенін және нәтижесінде Тапсырыстың салмағы тура 500 граммға дейін арттыра отырып дөңгелектенетінін түсінеді.

38. Тапсырыстың әрқайсысында жіберуші мен алушының міндетті ақпараты болуы тиіс. Пайдаланушының өтініші бойынша мекенжай ақпараты ілеспе құжаттарға жазылады.

39. Бір мемлекеттің аумағы шегінде жеткізілетін сәлемдемені жөнелтушінің және алушының мекенжайлары сәлемдемеде аталған мемлекеттің ресми тілінде жазылуы тиіс.

40. Халықаралық сәлемдемелерде мекенжайлар латын әріптерімен және араб цифрларымен жазылады. Алушының мекенжайын межелі елдің тілінде жазуға рұқсат етіледі, бірақ межелі елдің атауы да қазақ немесе орыс тілінде жазылуы тиіс.

41. Пайдаланушы Тапсырысты кедендік қоймада сақтаумен байланысты шығындарды өз бетінше және өз есебінен көтеруге міндеттенеді, ал егер сақтауға арналған шығындар Глоббинг есебінен төленген болса, Пайдаланушы бұл шығындарды өтеп беруге/орнын толтыруға міндеттенеді.

42. Егер Тапсырысыңыз қоймада 30 (отыз) күннен артық сақталса, Пайдаланушы осы тармақта көрсетілген мерзімнен артық сақтаудың әр күні үшін 500 (бес жүз) теңге төлеуге міндеттенеді. Сәлемдемелерді компанияның немесе серіктестердің шетелдік қоймасында сақтауға тыйым салынады және Тапсырысты сатушыдан немесе курьерден алу кезінде Тапсырыс тасымалдау мақсатында қалыптастырылады.

43. Кеден заңнамасын сақтау және Тапсырысты кедендік ресімдеу мақсатында сіз Тапсырысты жеткізу туралы хабарламаны алғаннан кейін 48 сағаттың ішінде тапсырысыңыздың трек-нөмірімен (tracking) немесе Тапсырысыңыз үшін Глоббинг ұсынған жаңа трек-нөмірмен бірге Глоббинг сайтында тапсырысыңыздың бағасын көрсетуге міндетті боласыз..

Егер сіз Глоббинг сайтында Тапсырыстың бағасын көрсетпесеңіз, кеден заңнамасын сақтау және сіздің өз тапсырысыңызды алуыңызды қамтамасыз ету мақсатында Глоббинг немесе кеден органдары Тапсырыстың сомасын/кедендік құнын өз бетінше анықтауға және көрсетуге құқылы болатынын білесіз және осыны мойындайсыз, бұл ретте сіз барлық ілеспе салдары үшін толық жауапкершілікті өз бетінше көтересіз.

44. Жөнелтуші мен адресат туралы мәліметтер сәлемдемеде келесі жолмен белгіленеді:

· атауы (жеке тұлғаның тегі, есімі және әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), көше; ғимараттың, үйдің және пәтердің нөмірі, елді мекеннің (қала, облыс, ауыл және т.б.) атауы.

· қалалық немесе ұялы телефон нөмірі (бар болса), елдің атауы (халықаралық сәлемдемелер үшін).

45. Тапсырысты сатып алу кезінде сіз сатушыға сәйкестендіру кодын ұсынуыңыз керек: «address line 2», Сайттағы сіздің жеке парақшаңызда, мекенжай бөлімінде қолжетімді 2-мекенжай: және егер сіз сатушыдан трек-нөмірді алсаңыз, оны Глоббинг веб-сайтында, өз аккаунтыңыздағы тиісті алаңда дереу жариялаңыз/орналастырыңыз. Жоғарыда аталған екі нөмір сізге арналған сәйкестендіру нөмірлері болып табылады және тапсырысыңызды жеткізу әдісін анықтайды. Егер Тапсырыста жоғарыда аталған сәйкестендіру нөмірлерінің бірі болмаса немесе ол нөмір енгізілген нөмірлермен үйлеспесе, Компания мүмкіндігінше сізбен Сайтта тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен нөмір арқылы хабарласуға тырысады, ал егер сол күннің ішінде сізбен байланысу немесе хабарласу мүмкін болмаса,  сәлемдеме сіз енгізген трек-нөмірді жариялау/орналастыру кезінде қолжетімді болған жеткізу әдісі бойынша және парақшасында нөмір енгізілген алушының парақшасында жеткізіледі, ал егер трек нөмірі жоқ болса, негіз ретінде – Тапсырыста қолжетімді болатын 2-мекенжай " address line 2" пайдаланылады. Пайдаланушы осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, Тапсырыспен байланысты барлық тәуекелдерді өзі төлейтінін/өтейтінін мойындайды және Пайдаланушы Глоббингке қандай да бір кінәрат-талаптар қою құқығынан бас тартады.

46. «Глоббинг» «талап еткенге дейін» немесе абоненттік жәшік мекенжайына сәлемдемелерді жеткізу қызметтерін ұсынбайды.

47. Компаниямен тиісті шарттар жасасқан Пайдаланушыларға сәлемдемелерді курьер арқылы жөнелткен жағдайда нысан толтырылып, оған жөнелтуші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды. Курьер алынған сәлемдемелердің санын растайды. Сенімді тұлға ретінде – жөнелтушінің атынан сәлемдемені жеткізетін кез келген тұлға есептеледі. Нысанның бір данасы жөнелтушіде қалады. Глоббинг сәлемдемелерді жөнелтуге табыстайтын  тұлғалардың өкілеттігін тексеруге міндетті емес және Пайдаланушылардың алдында қандай да бір жауапкершілік көтермейді.

48. Кейбір жағдайларда, Компанияға қарамастан, әрбір халықаралық сәлемдеме үшін толтырылған Нысанда арнайы сәйкестендіру нөмірі болады, оның көмегімен клиент сәлемдемінің адресатқа табысталуына дейін Интернетте сәлемдеменің қозғалысын бақылай алады. Бұл нөмір сәлемдеменің бос орнында да көрсетіледі, бұл – жүкқұжат жоғалған жағдайда мекенжай деректерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

49. Компания Пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың сипатына, салмағына, құнына, санына қарай, сондай-ақ Кеден одағы аумағына Пайдаланушы әкелетін тауарлардың қозғалу жиілігіне қарай, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларға шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Өнімді сатып алмас бұрын пайдаланушы кедендік баждарды төлемеу немесе Глоббингке шағым ұсыну мүмкіндігіне жолбермес үшін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты барлық тыйымдармен және шектеулермен өз бетінше танысуға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЕЭК шешімдерінде көзделген талаптар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда сәлемдеме кәсіпкерлік қызмет тауарларына жатқызылады және осыған байланысты Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде төлеуге жататын белгілі кедендік баждар мен салықтарды төлей отырып сәлемемені кедендік рәсімдеуді өз бетінше және өз есебінен жүзеге асырады.

 

6-тарау. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

50. Көрсетілген қызметтер үшін төлем қызметтерді алушыдан сәлемдемені алу кезінде қолданыстағы тарифке сәйкес алынады. Егер өзге уағдаластықтар болмаса, халықаралық пошта жөнелтімдері қызметi кедендiк баждар мен салықтарды, сондай-ақ кедендiк декларациялаумен байланысты кез келген өзге шығыстарды қамтымайды. Сәлемдемені «Глоббинг» ЖШС кеңсесінде немесе жөнелтуші көрсеткен мекенжай бойынша курьерлік жеткізу арқылы алуға болады.

51. Қоланыстағы  тарифтер Глоббинг сайтында орналастырылған, бұл ретте Компания көрсетілетін қызметтер бойынша Тарифтерді кез келген сәтте алдын ала ескертусіз біржақты тәртіпте  өзгерту құқығын өзіне қалдырады.  Тарифтерді бекіту барысында Компания соңғы енгізілген өзгертулердің күнін көрсете отырып, Сайтта жаңа Тарифтерді орналастырады. Сонымен қатар, Компания Сайттың Пайдаланушыларына енгізілетін немесе енгізілген өзгерістер туралы хабардарлауға міндетті емес, бұл – Пайдаланушының міндеті болып табылады, сондықтан Пайдаланушы сайтқа өз бетінше кіріп, өзгерістер мен Тарифтердің өзектілігін тексеруге міндеттенеді.  Жаңа шарттар Сайтта орналастырылған күннен бастап заңды күшті иемденіп, Тараптардың міндеттемелеріне қолданылады. 

52. Клиент заңнамада белгіленген кейбір жағдайларда Тапсырыстың кедендік ресімдеуге жататынын және ол бойынша Алушының жауапты болып табылатынын түсінеді және осыны қабылдайды. Бұл ретте Глоббинг кедендік ресімдеуге қатысты консультациялық қызметтерді көрсетпейтінін Клиент қабылдайды. Кедендік ресімдеу тәртібін өз бетінше анықтау – клиенттің міндеті болып табылады. Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тапсырысты кедендік ресімдеу және алу үшін қажетті қадамдардың барлығын орындауға міндетті. Егер кедендік ресімдеу кезінде клиенттің әрекеті/әрекетсіздігі немесе немқұрайлылығы нәтижесінде Глоббинг шығынға ұшыраса, клиент келтірілген зиянды өтеуге міндетті болады. Кедендік ресімдеуге жататын Тапсырысты клиент 30 (отыз) күн ішінде қабылдамаған жағдайда, Компания Тапсырысты Жөнелтушіге қайтаруды ұйымдастыруға құқылы, бұл ретте Клиент Тапсырысты қайтарумен байланысты шығындар мен төлемдердің барлығын Компанияға өтеп беруге міндеттенеді.

53. Клиент белгілі бір тауарларды импорттау үшін арнайы лицензияның немесе рұқсаттың қажет болу мүмкіндігін өз бетінше анықтауға міндеттенеді. Клиент белгілі бір тауарларды импорттау үшін қажетті лицензияларды, рұқсаттарды және басқа да құжаттарды, соның ішінде төлемдерді өз қаражаты есебінен және өз күшімен төлейді.

54. Қазақстан Республикасы аумағындағы Компания қызметінің басталуымен байланысты Компания ұсынатын бонустық ұпайлар, сондай-ақ басқада өткізілетін акциялар жарамсыз болып есептеледі, егер де Клиент 3 (үш) ай қатарынан тауарлар жеткізуді/сатып алуды жүзеге асырмайтын болса.

55. Глоббинг әртүрлі (жеке ұлттық) валюталары бар әртүрлі елдерде қызметтерді ұсынатынын Клиент түсінеді және назарға алады, сондықтан кейбір жағдайларда Тапсырысты жеткізу құны немесе басқа да баға белгіленімдері АҚШ долларында немесе басқа валютада көрсетілуі мүмкін, алайда, алушының еліндегі заңнамаға сәйкес төлем жасалған жағдайда, төлем жасау күні Глоббингтің анықтаған валютаның айырбас бағамына сәйкес сол елдің валютасында төлем жасалуы тиіс.

56. Клиент өз Шотындағы қаражаттың шет ел валютасында көрсетілуі мүмкін екенін, сондай-ақ шетел валютасында қолжетімді қаражат ұлттық валюта – Теңгемен берілуі мүмкін екенін мойындайды және назарға алады. Сонымен қатар, Клиент валютаның Компанияға қызмет көрсететін банк анықтаған валюталық бағам бойынша ұлттық валюта – теңгемен көрсетілуі мүмкін екендігімен келіседі.

57. Қазақстан Республикасына жеткізуге тапсырыстар үшін кейбір жағдайларда Тапсырыстардың немесе тасымалдаудың бағалары АҚШ долларында немесе басқа валютада көрсетілуі мүмкін, бірақ төлемдер ұлттық валюта – Теңгемен, төлем күнінде Компанияға қызмет көрсетуші банктің шетел валютасын сату бағамы бойынша жүзеге асырылады.

58. Клиент өз шотына салынған қаражаттың шығу көзінің заңдылығы үшін жауап береді. Үшінші тұлғалар Глоббингке немесе басқа компанияға қаражаттың шығу заңдылығына қатысты арыз берген жағдайда немесе қаражатты мәжбүрлеп қайтару жүзеге асырылған жағдайда, Клиент Глоббингке келтірілген залалды шегерілетін сома мөлшерінде өтеп беруге міндетті болады. Шығын өтелмейінше Глоббинг тапсырыстарыңызды сақтау және сізге бермеу құқығын өзіне қалдырады.

59. Клиент қызмет көрсету кезінде қосымша қызметтер қажет болуы мүмкін екендігімен келіседі. Осыған байланысты, Компания ұсынатын қосымша төлемді және Компанияның сервис орталықтарында және сайттың «Жиі қойылатын сұрақтар» бетінде немесе кез келген басқа бөлімде орналастырылуы мүмкін төлемдерді Клиент төлеуге міндеттенеді.

60. Клиент Тапсырысты алғанға дейін қызметтің толық құнын төлеуі тиіс. Сіз Тапсырысты алғанға дейін Клиент Глоббинг алдындағы барлық міндеттемелерді өтеуге келіседі. Бұл ретте, Глоббинг қосымша Қызметтермен қатысты төлемдерді қоса алғанда, тиісті төлемдерді төлеудің кепілі ретінде Тапсырысты ұстап қалу құқығын өзіне қалдырады.

61. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, көрсетілетін Қызметтерүшін ақы төлеу ныаны мен тәртібі Клиент пен Компания арасындағы келісім бойынша анықталады.

62. Клиент Жалпы Шарттардың 2-тармағына сәйкес, Компанияның Қызметтері үшін төлем тек келесі жолдардың бірімен жүзеге асырылатынымен келіседі:

Жеке тұлғалар үшін:

• Компанияның сайтында банк карталарымен төлеу (Visa, Master card, Apple pay, Samsung pay, Google pay).

• Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеу

• Kassa24 терминалдары арқылы төлеу

• Qiwi терминалдары арқылы төлеу

Заңды тұлғалар үшін көрсетілген Қызметтердің ақысын төлеу Компанияның банктік шотына ақша қаражатын аудару арқылы, қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады.

63. Клиент көрсетілген Қызметтер үшін банк картасымен төлем сервис орталықтарында, Компанияның кеңсесінде қабылданбайтынын, сондай-ақ қолма-қол ақшаны қабылдауға болмайтынын мойындайды және осымен келіседі.

64. Қосымшалар, терминалдар арқылы Қызметтерге ақы төлеу кезінде іздеу арқылы «GLOBBING» таңдау керек.

7-тарау. СӘЛЕМДЕМЕНІ ЖЕТКІЗУ ТӘРТІБІ

65. Сәлемдеме ілеспе құжаттарда көрсетілген мекенжай бойынша жеткізіледі. Курьер сәлемдемені адресатқа немесе оның уәкілетті өкіліне қол қоюымен табыстайды.

66. Егер Алушыға тапсырысты Глоббинг қызметкері немесе үйге жеткізу қызметі арқылы Компаниямен ынтымақтасатын басқа субъектілер жеткізсе, сәлемдемені қабылдаған тұлға қабылдау дерегін растайды және ілеспе құжатта өзінің аты-жөнін, сәлемдемені алған күні мен уақытын көрсетіп, қол қояды.

67. Егер Тапсырыс Глоббинг сервис орталықтарында автоматтандырылған жүйе арқылы алынса, Тапсырыс кодын сканерлеу немесе тиісті кодты қолмен енгізу – тапсырысты алушыға беру үшін негіз болады. Глоббинг сервис орталықтарында Тапсырысты беру үшін қажетті кодты сақтауға қатысты немқұрайлылық үшін қандай да бір жауапкершілік көтермейді.

68. Сәлемдемелерді заңды тұлғаларға беру тәртібі заңды тұлға мен «Глоббинг» ЖШС арасында жасалған шартқа сәйкес айқындалады.

69. Сәлемдемелерді адресатқа (заңды өкілге) беру мүмкін болмаған жағдайда, сәлемдеме «Глоббинг»-те 30 (отыз) күнтізбелік күн бойы сақталады. Жөнелтуші немесе адресат жазбаша өтінім арқылы сәлемдемелерді сақтау мерзімін үш айға дейін ұзарта алады. Сәлемдемені сақтау қызметін ұзартқаны үшін төлемді – тиісті өтінішті жазған тарап төлейді.

70. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және халықаралық шартта белгіленген тәртіпте сәлемдеме жөнелтушінің мекенжайы бойынша келесі жағдайда жөнелтілуі мүмкін.

· жіберушінің өтініші негізінде, адресатқа табысталған сәтке дейін,

· адресат (заңды өкіл) сәлемдемені қабылдаудан бас тартқан жағдайда,

· егер көрсетілген мекенжайда алушы болмаса,

· егер алушының мекенжайы анық емес болса (өшірілген, жыртылған, бұлыңғыр және т.б.),

· «Глоббинг» ЖШС-нің қызмет көрсету шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігін жоққа шығаратын басқа да жағдайларды салдарынан.

71. Глоббинг Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңына сәйкес пошта операторы болып табылмайды, бірақ Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін басшылыққа ала отырып, Тапсырыс Глоббинг қоймасына келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде адресатқа табысталмаған Тапсырыстар бойынша келесі әрекеттерді жасауға құқылы болады:

1) Тапсырысты сақтағаны үшін, әрбір сақтау күні үшін 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде төлем талап ету.

2) Адресаттың тапсырысын қоймада 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде сақтау.

3) 60 (алпыс) күнтізбелік күн өткеннен кейін Тапсырысты сақтау қызметінің төлемі есебіне адресаттың Тапсырысын соттан тыс біржақты тәртіпте ұстап қалу. Бұл ретте ұстау Тапсырыстың құнына қарамастан жүргізіледі.

4) Глоббинг ұсталған тапсырысты өз қалауы бойынша пайдаға асыруға немесе сатуға құқылы болады. Бұл ретте Клиент уақтылы алынбаған Тапсырысқа қатысты қандай да бір әрекеттерді жасауға келісімін береді және кейіннен Глоббингке ешқандай кінәрат-талап қоймайды.

5) Егер Тапсырыс сатылған жағдайда, алынған сома Тапсырысты сақтау қызметі бойынша берешекті өтеуге жеткіліксіз болса, онда Клиент қалған берешекті өтеуге міндеттенеді.          

72. Белгілі бір елдің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық сәлемдемелерді кедендік бақылау және кедендік ресімдеу, сондай-ақ Глоббинг операторының халықаралық сәлемдемелерді адресатқа (заңды өкілге) жеткізуі аталған елдің кеден заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

73. «Глоббинг»  толтыру тәсіліне қарамастан кеден декларациясы үшін, сондай-ақ сәлемдемені кедендік тексеру кезінде немесе тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде кеден қызметі қабылдаған шешімдер үшін жауапты болып табылмайды.

 

8-тарау. СӘЛЕМДЕМЕНІ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

74. Сәлемдеме адресатқа жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда беріледі. 16 жасқа толмаған адамдарға арналған сәлемдеме адресатқа туу туралы куәлік негізінде немесе заңды өкілге тиісті құжат негізінде беріледі.

75. Сәлемдеме құжаттың түпнұсқасын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық жолмен куәландырылған құжаттың көшірмесін ұсынған кезде ғана беріледі.

76. Сәлемдеме жоғалған жағдайда өтемақы төлеу материалдық жауапкершілік шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.

77. Сәлемдеме Клиенттің сенімді тұлғасына нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат пен жеке куәлігі болған жағдайда да берілуі мүмкін. Егер сәлемдеме құжаттарды ұсыну және оларды физиалық тексеру қажет етілмейтін жолмен баркод (штрих-код, QR-код) болуымен арнайы терминал арқылы алынған болса, Глоббинг сәлемдеменің жоғалуына немесе қоймада болмауына қатысты жауапкершілікті көтермейді.

78. Егер Клиент немесе басқа тұлға Тапсырыс адресатының жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынса және осының негізінде Тапсырыс Клиентке, Тапсырыс адресатына немесе Тапсырыс адресатының жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған басқа тұлғаға берілген болса, Тапсырыс тиісінше жеткізілді деп есептеледі. Сіз немесе кез келген басқа тұлға сіздің жеке басыңызды растайтын құжатты ұсынған жағдайда, біз бұны Тапсырыс алуға тиісті рұқсат ретінде қарастырамыз.

79. Тапсырыс автоматтандырылған жүйе арқылы Глоббинг қызмет көрсету орталықтарында алынған жағдайда да тапсырыс дұрыс жеткізілген болып есептеледі. Клиенттер жүйеге тиісті кодтың енгізілуі – кодты енгізген тұлға Тапсырысты алатын лайықты тұлға болып табылатынын білдіретінін ашық мойындайды.

 

9-тарау. ШОТКА ЕСЕПТЕЛГЕН АҚШАНЫ ҚАЙТАРУҒА НЕГІЗ БОЛАТЫН ҚҰЖАТТАР 

80. Егер пайдаланушылар Компанияның веб-сайтында шотТАР ашып, оларды толтырған болса, мұндай сома пайдаланушыларға келесі жолмен қайтарылуы мүмкін:

· Егер сома электронды ақша қаражатын аудару арқылы төленсе, сома немесе соманың қалдығы сол шотқа қайтарылады, бұл ретте егер де сома 120 (жүз жиырма) немесе одан да көп күнтізбелік күн бұрын аударылған болса, соманы қайтару – Глоббингтің ішкі  талаптарымен бекітілген нысан бойынша сұрау негізінде жүзеге асырылады.

· Егер сома Компания Серіктесінің кеңсесінде немесе терминалдың көмегімен депозитке салынған болса, сома немесе соманың қалдығы аталған елдің заңнамасына сәйкес қайтарылады, бұл ретте Пайдаланушы жазбаша дәлелдемелер (аудару дерегін растайтын түбіртек, кассалық чек және басқа құжаттар) ұсынуы тиіс.

 

10-тарау. КІНӘРАТ-ТАЛАПТЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ, КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕП БЕРУ

81. «Глоббинг» ЖШС немесе Компанияның серіктестері қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қызметті пайдаланушылар жазбаша нысанда кінәрат-талап (талап, шағым) қоюға құқылы болады, соның ішінде Тапсырыс жоғалған жағдайда келтірілген нақты залалды өтеу талабымен. 

82. Жеткізілмеген сәлемдеме, сондай-ақ сәлемдеменің бүлінуі немесе жоғалуы туралы кінәрат-талап «Глоббинг» ЖШС-ге сәлемдемені алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, бірақ сәлемдемені Қазақстан Республикасына жеткізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде беріледі. 

83. Халықаралық сәлемдемелер жоғалған жағдайда оларды іздеу туралы кінәрат-талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылданады және талқыланады.

84. Кінәрат-талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелуі тиіс. Жазбаша шағым берген кезде қызметті пайдаланушы (заңды өкіл) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

85. Талапқа «Глоббинг» ЖШС-нің немесе Компания серіктестерінің қызмет көрсету туралы шартының көшірмесі  және (немесе) түбіртектің көшірмесі, және (немесе) сәлемдеменің ішіндегі заттар тізімдемесінің көшірмесі, курьерлік қызмет операторының шартта белгіленген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау себептері туралы түсініктемесі, сондай-ақ келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерi туралы мәлiметтер қоса тіркеледі.

86. Жазбаша талапта (шағымда) келесілер болуы тиіс: 
өтініш берушінің (заңды өкілдің) жеке басын куәландыратын құжаттардағы мәліметтер, талаптың (шағымның) мәні.

87. «Глоббинг» ЖШС жазбаша талаптарды (шағымдарды) зерделейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша жауап береді.

88. Егер жазбаша талап (шағым) негізінде дау шешілмесе, Қызметті пайдаланушылар тиісті сотқа шағымдануға құқылы болады.

89. Келтiрiлген зиянның өтелімін құрайтын ақша қаражатын төлеудi «Глоббинг» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шартқа сәйкес оларда белгіленген мерзiмдерде жүзеге асырады.

90. Тапсырыстың жоғалуына немесе бүлінуіне қатысты Компанияның жауапкершілігі Компанияның қалауы бойынша сәлемдемелернің әр килограмы үшін 10 000 (он мың) теңгемен шектелуі мүмкін немесе Тапсырыс бұзылған жағдайда жөндеу құнымен шектелуі мүмкін.

91. Тапсырысты сақтандыруды және басқа да байланысты шығыстарды Клиент өз бетінше және өз есебінен жүзеге асырады.

92. Сәлемдеме табылған жағдайда, өтінішкерге оның жоғалғаны үшін өтем төленгненнен кейін сәлемдеме адресатқа беріледі немесе жөнелтушіге қайтарылады. Бұл ретте, егер мұндай сома ұсынылса, сәлемдемені жөнелтуді кешіктіргені үшін өтемақы сомасының шегерілуімен, өтемақының төленген сомасы өтініш берушіден (адресаттан немесе жөнелтушіден) өндіріп алынады. Өтінішкер өтем сомасын қайтарудан бас тартқан жағдайда, сәлемдеме берілмеген Таспсырыстар ретінде Компанияда сақталады.

93. Дүкен немесе басқа тұлға шетелдік қоймасына жеткізген тапсырыстың толықтығы мен сапасына компания жауапты болмайды.

94. Тікелей тапсырысты алған кезде оның тұтастығын растау Пайдаланушының мінедтіне жатады. Тапсырысты алғаннан кейін анықталатын және Пайдаланушы алған кезде ескермеген кемшіліктер мен ақаулар үшін Компания жауапты болмайды.

 

 

11-тарау. САЙТТАР, ӨНІМДЕР ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ЖАРНАМАЛАРЫ

 

95. Компанияның веб-сайтында басқа сайттарға (әрі қарай Басқа сайттар) сілтемелер немесе гиперсілтемелер, үшінші тұлғалар орналастырған немесе оларға тиесілі мақалалар, фотосуреттер, суреттер, өнімдер, графика, дыбыс және бейне, ақпарат, бағдарламалар және т.б. болуы мүмкін (әрі қарай Үшінші тараптардың материалдары). Компания осындай Үшінші тұлғалардың өкілі болып табылмайды немесе олармен қандай да бір қарым-қатынаста емес, Компания орналастырылған материалдардың тұтастығын, растығын және шынайылығын тексеруге міндетті емес және Үшінші тараптардың немесе басқа сайттардың материалдары үшін жауапты болмайды.

96. Компания біздің веб-сайт арқылы үшінші тұлғалар ұсынатын немесе көрсететін қызметтерге жауапты болмайды.

97. Компания үшінші тараптардың веб-сайттарында сатып алынған өнімдердің сапасына, қызмет көрсету қабілетіне, тұтастығына, , соның ішінде өнімдер сіздің үміттеріңізге сай келетініне жауап бермейді. Сіз осындай Тапсырыстарды алу, оларды кеденнен өткізу, үшінші тұлғалармен келіссөздер жүргізу, Тапсырысты қайтару және Тапсырыспен байланысты кез келген басқа әрекеттер үшін толық жеке жауапкершілікті көтересіз.

 

 

12-тарау. ШАРТТЫ АЯҚТАУ НЕМЕСЕ БҰЗУ

98. Сіз кез келген уақытта Компаниямен жасалған Шартты бұзуға құқығылы боласыз және Пайдаланушы Компанияның алдындағы барлық төлем міндеттемелерін орындауға міндеттенеді. Егер сіздің тарапыңыздан мерзімі өтіп кеткен міндеттемелер болса, Шартты бұзылған деп есептеуге болмайды.

99. Шартты тоқтату және Глоббингтегі ағымдағы шотты жабу мақсатында Клиент Шартты бұзу туралы және  шотты жабу туралы info@globbing.kz электрондық поштасы арқылы немесе тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштана көрсете отырып Компанияның кеңсесінде өтініш беруге міндеттенеді.

100. Шартты бұзу туралы өтініштің берілуі – Клиенттің шоттағы бонустардан бас тартқанын және оң теңгерімді қайтару шарттарымен таныс екенін растайды.

101. Егер Клиент өз әрекетімен Компания ұсынатын Қызметтер туралы анық емес/жалған ақпаратты таратса немесе оның әрекеттері арқылы басқа тұлғалар арасында Компания туралы теріс пікір қалыптастыруға тырысса, немесе Компания Клиенттің әрекеті Компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептеген басқа жағдайларда Комппния шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы болады. Аталған тармақтар негізінде Шарт бұзылған жағдайда Клиенттің барлық бонустық ұпайлары жойылады.

102. Егер Шартты бұзу кезінде Клиенттің шотында қаражат қалдығы болса, мұндай сома Жалпы талаптардың 9-тарауына сәйкес қайтарылуға жатады.

103. Егер Клиент 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Жалпы шарттардың 9-тарауында көзделген түбіртекті (мысалы, кассалық четкі) ұсынбаса, ағымдағы теңгеріам серіктестіктің меншігіне өтеді.

 

Шарттың талаптарымен келісе отырып, сервисті пайдалана отырып және Компанияның қызметтеріне қол жеткізе отырып, Сіз осы арқылы Компанияның барлық кедендік рәсімдерді, сондай-ақ Шартта көрсетілген басқа да әрекеттерді орындауы үшін жеке деректеріңізді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім бересіз.

 


Жалпы шарттар 2024 жылғы 17 Қаңтардағы өзгертулер мен толықтырулар редакциясында. Бұл түзетулер мен толықтырулар түзетулер күшіне енгенге дейін Клиенттер алған қызметтерге де қолданылады.